Halyq Uni логотип
×

Жапонияда экс-премьерді атып кетті

Ол ес-түссіз ауруханаға жеткізілді

 Дастан Жұмабекұлы 08.07.2022 | 09:42
Жапонияда экс-премьерді атып кетті
Фото: Kyodo/Reuters

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні Нара қаласында атып кетті. Күдікті тұтқындалды.

Бұл туралы осы елдің NHK телеарнасының репортері хабарлады. Журналист Синдзо Абэ көшеде сөйлеп жатқанда тапаншаның дыбысын естіген.

Оның айтуынша, экс-премьерді көшеде сөйлеп тұрғанда белгісіз біреу атып кеткен. Ол жарақаттан есін жия алмай, ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы өте қиын. Өлі-тірісі белгісіз. Сол жақ кеудеден екі оқ тиген деседі.

Ал «Киодо» агенттігінің хабарлауынша, оның жүрегі тоқтап қалған.

Әзірге басқа мәлімет жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама