Еуропада коронавирустың жаңа толқыны басталды

Дәурен Ерболат

СOVID-19-дың өршуі BA.4 және BA.5 омикрон-штамдарының тарауымен байланысты. Олар өте жұқпалы болып саналады.

Фото: AP

Еуропаның көптеген елінде SARS-CoV-2 коронавирусы тарап жатыр. Бұл туралы Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігі (EMA) Денсаулыққа қауіп төндіретін және вакцинация стратегиясы департаментінің басшысы Марко Кавалери айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Еуропа елдерінде BA.4 және BA.5 штамдары басым болады. Шілденің соңына дейін олар басқа штамдарды ығыстыруы мүмкін, - деді Марко Кавалери.

Оның айтуынша, бүгінде аталған омикрон штамдарының ауруды қоздыратыны туралы нақты дәлел жоқ. Алайда егде жастағы адамдар арасында коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Бұл жағдайы ауыр науқастардың көбеюіне алып келеді.