Қазақ спортында жаңа рекорд

Халық үні

37 минутқа созылған бірінші сетті Рыбакина 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады

фото: ©"Уимблдон

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты, деп жазады Vesti.kz. Ол еліміздің атынан жекелей сында финалға дейін жеткен алғашқы теннисші атанды. 

Жартылай финалда WTA рейтингінде 23 орында тұрған Рыбакина 18 орындағы румын қызы Симона Халеппен кездесті. 

37 минутқа созылған бірінші сетті Рыбакина 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Бұл гейма барысында қазақстандық теннисші бір брейк істеді. Ал екінші сетті Елена 6:3 есебімен жеңді. Осылайша Рыбакина финалға шықты. 

Енді Уимблдон турнирінің финалында отандасымыз әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жабермен кездеседі. Өз кезегінде тунистік теннисші жартылай финалда Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.