Зейнеткерлерге 55 мың теңгеден төлеу туралы жарлық шыққан ба?
Айлық есептік көрсеткіш мөлшері Қазақстанда биыл 1 сәуірде артты
Желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама тарады. Бұл жалған ақпарат жалған, деп хабарлайды stopfake.kz.
Төлемдер туралы мәтінде осы жылдың 1 мамырынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері өскендігі, соның салдарынан зейнетақы 55 мың теңгеге дейін көтерілетіні жазылған.
«Бұл - бұрмаланған ақпарат. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері Қазақстанда биыл 1 сәуірде артты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЕК-ті ұлғайту туралы жаңа жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат ҚР Президентінің ресми сайтында жоқ. Сондай-ақ, бұл туралы ақпарат ресми БАҚ-та да жарияланбаған. Зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы жаңалықтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында да жоқ», - делінген хабарламада.