Алматыдағы ірі сауда үйіне төртінші рет «бомба» қойылды
Бұған дейін 12, 21 маусым мен 4 шілдеде жалған хабарлар түскен
Алматыда MOSKVA Metropolitan ойын-сауық орталығына тағы да «бомба» қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Ірі сауда ордасының қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды.
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, сауда үйлерінің бірінде бомба қойылды деген хабар полицияға 7 шілде күні сағат 12.12-де түскен.
Бірінші кезекте сауда үйіне келген азаматтар мен орталық қызметкерлері эвакуацияланды. Мамандар жүргізген тексеруден кейін хабарламаның жалған екені, жарылғыш зат табылмағаны белгілі болды,- деп хабарлады ведомствадан.
Орталықта бомба қойылды деген шақыру полицияға 4 шілде күні де түскен болатын. 12 , 21 маусымда да жалған хабарлар келген. Барлық жағдайда ақпарат жалған болып шықты.