Астанада қала күні 78 сәби дүниеге келді

Дастан Жұмабекұлы

Есеп 6 шілде күні түнгі сағат 00.00-ден 24.00-ге дейін жүргізілді

фото: newsroom.kz

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, 6 шілде күні астанада 78 сәби дүниеге келді. Олардың 46-сы - ұл, 32-сі - қыз бала. Сәбилердің дүниеге келуі туралы есеп 6 шілде күні түнгі сағат 00.00-ден 24.00-ге дейін жүргізілді.

Биыл жаңа жылда Нұр-Сұлтан қаласында 16 бала дүниеге келген еді. Ал маусымда өткен референдум күні елордада 65 сәби туған. Оның 36-сы - ер бала, 29-ы - қыз бала.