Бұл – теңгемен есептегенде 300 млн теңге
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирдің жартылай финалына шықты.
Ол Қазақстан халқының қолдауы үшін алғысын айтты.
Мен Ресейде туғанмын. Бірақ, әрине Қазақстан намысын қорғап жүрмін. Бұл мен үшін ұзақ сапар. Бұрын Олимпиада, Федерация кубогында ойнадым. Осынша көп қолдау көрдім. Адамдардың қолдауын ғана сезініп, Қазақстан намысын қорғайтыныма қуаныштымын. Мен Қазақстан спортшы үшін нәтиже көрсетіп жүрмін деп ойлаймын. Не сезініп тұрғанымды айту қиын, – деді ол.
Vesti.kz сайтының хабарлауынша, теннисші «Уимблдон» турнирінің жартылай финалына шыққаны үшін 535 мың фунт стерлинг алды. Бұл – теңгемен есептегенде 300 млн теңге.
Ол ширек финалда Австралияның теннисшісі Айла Томлянович жеңді. Енді ½ финалда румын Симоне Халепті ұтса, Рыбакинаның сыйақысы 1 млн 50 мың фунт стерлинг болады. Бұл – теңгемен санағанда 585 млн теңге.