×

Тигран Кеосаянның YouTube желісіндегі каналы жабылып қалды

Бұған дейін Тигран Кеосаян Қазақстанға қатысты даулы мәлімдеме жасаған еді

 Ербол Тұрымбет 07.07.2022 | 13:59
Тигран Кеосаян, фото: mpsh.ru

Қазақстанға қатысты даулы мәлімдеме жасаған ресейлік журналист, шоумен Тигран Кеосаян YouTube желісіндегі авторлық каналы жабылып қалғанын мәлімдеді.

Сәуір айында Тигран Кеосаян Қазақстанға қаратып даулы мәлімдеме жасаған еді. Ол мәлімдемесінде «Украинаға жақсылап қараңдар. Жақсылап ойланыңдар» деген сыңайдағы пікір білдірді.

Ресейлік журналистің мәлімдемесіне ҚР сыртқы істер министрлігі де жауап берген еді.

«Ресей журналисі Тигран Кеосаянның қорлайтын және біржақты сөйлеген сөзі назар аудартады. Мүмкін оның мәлімдемесі ресейлік қоғам мен саяси құрылымның белгілі бір бөлігінің көзқарасын білдіретін шығар, бірақ біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі қолданыстағы келісімдерге ешбір жағдайда сәйкес келмейді», - деді СІМ ресми өкілі.

СІМ баспасөз хатшысы мұндай сөздер «тату көршілік қарым-қатынас атмосферасын улап, стратегиялық әріптестік қарсыластарының қолында ойнайды» деп санайды. Сондай-ақ Тигран Кеосаян Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалардың тізіміне енгізіледі деп ойлайтынын жеткізді.

17 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының алаңын пайдалана отырып, Қазақстан туралы қисынсыз сөз айтатын Ресей депутаттарына қатысты шағым білдірді.

«Мен бірқатар ресейлік депутаттардың айтқандарына қатысты өз наразылығымды білдіргім келеді. Қазақстан атына мүлдем қисынсыз сөздер айтылды. Мысалы, журналистердің, тіпті мәдениет қайраткерлердің мағынасы майысқан мәлімдемелері дер едім», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама