Лариса Пак 2019 жылы қайтыс болған, ал 2020 жылы толық ақталған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлерінің рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде тергеу-жедел тобы қылмыстық істі тергеді, ол кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
2019 жылдың 6 шілдесінде іс бойынша күдікті Л.Ю. Пак қайтыс болды.
2020 жылдың 7 желтоқсанында Антикор Лариса Пак әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталғанын хабарлады.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрайды, – делінген Антикор хабарламасында.
Қазір тергеу жалғасып жатыр, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.