×

Альварес Головкинді неге жек көретінін түсіндірді

Менің бүкіл командам - елінің масқарасы деп мәлімдеді

 Қанат Атаманов 07.07.2022 | 05:00
Фото: ашық дереккөздерден

Суперорта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) журналистерге берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) деген өшпенділігі туралы айтып берді.

Геннадий Головкин мені алаяқтық жасады деген болатын. Менің бүкіл командам - елінің масқарасы деп мәлімдеді. Ол артыңнан өсектейді де бетпе-бет келгенде немесе камера алдында басқаша сөйлейді. Міне сол үшін ол маған ұнамайды. Мен туралы айтқаны тым көп. Енді келіп ондай ештеңе болған жоқ дейді. Бірақ не дегенін білеміз ғой. Сол үшін де жақтырмаймын, - дейді Сауль Альварес.

Айта кетсек, GGG мен «Канело» арасындағы үшінші кездесу АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында T-Mobile Arena кешенінде 17 қыркүйекте өтеді. Боксшылардың осының алдындағы екі кездесуі де осы кешенде өткен еді. Бірінші кездесуде нәтиже тең болcа, екінші кездесуде төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама