Кремль өкілі екі елдің үкіметі тұрақты байланыста екенін айтты
Қазақстан мен Ресей тұрақты байланыста, Ресейге қарсы санкцияларға қосылу жөнінде ешқандай шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі санкцияланған тауарларды әкетуге рұқсат беруден бас тарту мүмкіндігін көздейтін тауарларды республика аумағынан Ресейге әкету кезінде олардың қозғалысын есепке алу ережелерінің жобасын әзірлеген болатын. Ол құжат ашық нормативтік құқықтық актілер порталында талқылау үшін жарияланды.
Осы орайда, Ресей Федерациясы президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Песковқа «Бұл идеяны талқылау қадағаланып жатыр ма және мұндай қадамдар қалай қарастырылады?» деген сұрақ қойылды.
Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылу жөнінде ешқандай шешім қабылдаған жоқ. Әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ, қайта өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту, шетелден келетін сын-қатерлерге бірлесіп жауап беру және осы әрекеттердің салдарын барынша азайтуға ниетті. Әзірше осыны негізге аламыз, - деп жауап берді Дмитрий Песков.