Тайсон жекпе-жекте галлюциноген саңырауқұлағын қолданғанын ашық айтты
Сондай-ақ, ол үш жыл түрмеде отырған кезін еске алды
Аты аңызға айналған американдық боксшы Майк Тайсон talkSPORT басылымына берген сұхбатында жаттығу мен жекпе-жек кезінде галлюциногендік саңырауқұлақтар пайдаланатынын мойындады.
Саңырауқұлақты қиялдап, шындықтан қашу үшін тұтынбаймын. Олар маған жаттығу кезінде көмектеседі, жақсырақ жұдырықтаса бастаймын. Саңырауқұлақтан кейін соққы сезбеймін. Бұл сиқырлы быламық екен. Кәсіпқой кезімде осы саңырауқұлақтарды білмегенім өкінішті, - деді боксшы.
Сондай-ақ, ол үш жыл түрмеде отырған кезін еске алды. Темір Майк күтпеген жерден бұл оның өміріндегі ең жақсы кезең екенін айтты. 56 жастағы американдық бас бостандығынан айыру орнында жақсы формасын қалай ұстағанын да тілге тиек етті.
Түрмеде отырған жылдарыма ризамын. Мен жақсы адаммын. Мен бәріне жақсы қарадым. Түрмеде мен өмірімнің ең жақсы үш жылын өткіздім. Менің жанымда жақындарым болмаса да, мен тыныштық таптым. Мен түрмеде 13-14,5 шақырым жүгірдім. Спорттан қол үзген жоқпын. Сөйтіп, бостандыққа шыққан кезде – 97,5 келі болдым, - деді Майк Тайсон сұхбат барысында.
Айта кетсек, Майк Тайсон 1992 жылы түрмеге түскен болатын. Боксшы сол жылы американдық модель Дезире Вашингтонды зорлады деп айыпталды. Бостандыққа шыққан соң ол шаршы алаңға оралып, әлем чемпионы атағын қайтарып алды.