Үкіметте Каспий құбырындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті
Әлихан Смайылов шұғыл кеңес өткізіп, министрлерді жинады
Бүгін Ресей сотының шешімімен Каспий құбыр консорциумы қызметін уақытша тоқтатты.
Осыған орай еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов шұғыл кеңес өткізіп, министрлерді жинады.
Кеңес барысында қазақстандық мұнай экспорты шектелетін болса, оның салдары мен мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту жөніндегі қажетті шаралар талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырма берді.