Halyq Uni логотип
×

Теңіз кен орнындағы жарылыс: адам шығыны бар

Теңіз кен орнында құбырға сынақ жасалған

 Халық үні 06.07.2022 | 13:31
Теңіз кен орнындағы жарылыс: адам шығыны бар
Фото: ашық дереккөздерден

Теңіз кен орнындағы жарылыстан екі адам қаза тапты. 

6 шілдеде 10:30 шамасында Теңіз кен орнында құбырға сынақ жасалған.

Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулеттің айтуынша, жарылыстан 37 жастағы екі жұмысшы қаза тауып, үш қызметкер медициналық көмекке жүгінген.

Жарылыс 09:55 шамасында болды. Қылмыстық кодекстің 156 бабының 3 бөлімі  (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу cалдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деді Мейірім Ердәулет.

Құқыққорғау органдары тергеу амалдарын бастап кетті.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама