Halyq Uni логотип
×

Алакөлдегі өртке қатысты соталды тергеу басталды

Базадағы екі ғимарат, бір кір жуатын орын мен жеті саяжай отқа оранды

 Халық үні 06.07.2022 | 12:37
Алакөлдегі өртке қатысты соталды тергеу басталды
Фото: ашық дереккөздерден

Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағалауындағы өртке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 шілде күні 23:20-да Үржар ауданында Алакөл жағасындағы «Керуен» демалыс базасынан өрт шыққан.

Сондай-ақ, тілсіз жау «Әйгерім» демалыс базасында – 4 үйді, «Жібек жолы» базасының аумағында – үй мен моншаны, «Әлихан» базасында – 8 ғимарат пен асхананы шарпыды. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Мамандар өрттің себебін анықтау үшін тиісті жұмыстарға кірісті, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта Алакөлдегі алапат өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Алакөл жағалауындағы 3 мың шаршы метрге жайылған өрттен 7 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама