Заң бұзу фактілері анықталған
Тексеру кезінде Каспий құбыр консорциумының өндірістеріндегі экологиялық заң бұзу фактілері анықталғаннан кейін осындай шешім қабылданған
Новоресейдің аудандық соты 5-шілдеден бастап Каспий құбыр консорциумының жұмысын 30 тәулікке тоқтатты, деп жазады РБК.
Себебі, Ресей көлік бақылау қызметі Каспий құбыры консорциумның өндірістік нысандарында тексеру жүргізіп, экологиялық заң бұзу дерекерін анықтаған. Тексеру вице-премьер Виктория Абрамченконың тапсырмасы бойынша 6 мамырда басталып, тексеруден бір ай өткен соң хаттама құрылған.
Каспий құбыр консорциумы Ресей Федерациясының құқықтық аймағында жұмыс істейді, сондықтан, соттың шешімін орындауға мәжбүр. Соттың шешімі белгіленген заңнамалық тәртіп бойынша шағымдалады, — деп хабарлады компания.
«Трансмұнай» (24 пайызы) мен «ҚазМұнайГаз» (19 пайызы) Каспий құбыр консорциуымының ірі акционерлері екенін айтадық. Құбыр осы наурыздың соңынан бері дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ.