Жоғарғы сот Матаевтар ісін қайта қарайды

Халық үні

Бас прокуратура істі қайта қарау бойынша Жоғарғы Сотқа арыз түсірді

Фото: ашық дереккөздерден

Бас прокуратура ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевқа қатысты үкімге наразылық білдірді

Журналистердің мүддесін қорғап жүрген белгілі қазақстандық адвокат Джохар Өтебеков Бас прокуратура оның өтінішін қанағаттандырғанын хабарлады.

"Ұзақ және қажырлы еңбектің жемісін көретін күн алыс емес секілді. Бас прокуратура істі ұзақ зерттегеннен кейін менің өтінішімді қанағаттандырды! Ведомство ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен оның ұлы Әсетке қатысты шығарылған әділетсіз үкімге наразылық білдірді. Жақында жоғарғы сот отырысы болады. Біз олардың ақталып шығатынына сенеміз!"- деп жазды адвокат әлеуметтік желіде.

Естеріңізге сала кетейік, Сейтқазы және Әсет Матаевтар – "ҚазТАГ" ақпараттық агенттігінің құрылтайшылары. 2016 жылы журналистер БАҚ-қа мемлекеттік тапсырысты орналастыруға бөлінген қаражатты ұрлады деп айыпталды.

Сейтқазы Матаев алты жылға, Әсет Матаев бес жылға бас бостандығынан айырылған. 2017 жылы Сейтқазы Матаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.