Өзін тастап кеткен қыздың ата-анасын пышақтап өлтірген жігіт ұсталды

Халық үні

16 жасар Алина сол түні Павлодардағы туыстарының үйінде қонғандықтан аман қалған

фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында екі бірдей адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. Ол мәйіттерді үйдің ауласында қалдырып, өзі тығылып қалған, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы. 

Қайғылы жағдай Павлодар облысы Тереңкөл ауданының Береговое ауылында болды. 22 жастағы жігіт өзін тастап кеткен қыздың анасы мен өгей әкесіне пышақпен шабуыл жасаған. Екеуі бірнеше пышақ жарақатынан қайтыс болды.

16 жасар Алина сол түні Павлодардағы туыстарының үйінде қонғандықтан аман қалған.

«Аталған қылмыстық іс жасағаны үшін 22 жастағы күдікті, ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға орнында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабы, 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – дейді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.