Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінген журналиске қатысты тың дерек шықты
Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды
Елорда сотының баспасөз қызметі ақша бопсалады деген күдік келтірілген журналист Махамбет Әбжанның екі айға қамауға алынғанын хабарлады.
Нұр-Cұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат Әбжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды. Әбжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатқандығы да айтылады.
Құзырлы ведомство оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (аса ірі мөлшерде ақша бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелгенін хабарлады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.