Омикрон штаммының жаңа түрі таралып жатыр

Халық үні

Бұл жаңа нұсқа Үндістаннан келген

фото: газета.ру

Жаңа Зеландия мамандары алғаш рет коронавирустың ВА. 2.75 омикрон штаммының кіші түрін жұқтырудың алғашқы жағдайын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, бұл жаңа нұсқа Үндістаннан Жаңа Зеландияға келген инфекцияны жұқтырған екі шетелдіктен табылды.

«Пандемия басталғаннан бері Жаңа Зеландияда коронавирусты жұқтырудың 1,3 миллионнан астам жағдайы анықталып, 1 534 тұрғын қайтыс болды. Қазіргі уақытта елде ересек тұрғындардың 95%-дан астамы толық (екпе алды) вакцинацияланды», - деп жазды комиссия.