×

«Бос жұмыс орнын жасырады»: Аймағамбетов мектеп директорларына ескерту жасады

Мектеп басшылары әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін

 Халық үні 05.07.2022 | 18:45
фото: ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бүгін, 5 шілдеде өткен аппарат жиналысында мектеп директорларының мұғалімдерді қызметке қабылдауына қатысты жұмысын сынға алды. Бұл туралы министрліктің ресми Telegram-каналында жарияланды.. 

Ведомство басшысы мектептердегі бос жұмыс орыны туралы ақпараттың уақытылы жарияланбайтынына назар аударған.

«Кей мектеп директорлары бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақытылы жарияламайды немесе жасыруға тырысады. Алайда педагоктерді жұмысқа қабылдаудың заңда бекітілген тәртібі мен жауапкершілігі бар. Бос орындар туралы ақпарат бес күннен кешіктірілмей жарияланып, конкурс арқылы білікті мұғалімдерді ғана жұмысқа қабылдау керек. Осы тәртіпті бұзған мектеп басшылары әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертемін», - деген Асхат Аймағамбетовтың сөзін министрліктің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жариялады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама