Halyq Uni логотип
×

Қазақ боксшылары 16 алтын жүлде алды

Астанада алғаш рет «Елорда кубогы» халықаралық турнирі өтті

 Дастан Жұмабекұлы 05.07.2022 | 17:13
Қазақ боксшылары 16 алтын жүлде алды
Фото: instagram.com

Астанада бокстан «Елорда кубогы» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер арасында 13 салмақ, әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесінде өткен турнирдің жеңімпаздар мен жұлдегерлері анықталды.

Астанаға 10 елден барлығы 250-ден астам былғары қолғап шебері жиналды. Солардың арасынан финалда 50 боксшы өнер көрсетті. Соның 23-і отандастарымыз болды.

Турнирде Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова мен Валентина Хальзова жеңімпаз атанды. Соның ішінде ерлер құрама коамндасының капитаны Асланбек Шымбергенов 67 кг салмақта әлем чемпионы жапон Севон Оказаваны жеңді. Жаттықтырушылар Қайрат Сәтжанов пен Шәміл Сафиуллиннің басқа боксшылары да керемет өнер көрсетті.

Сөйтіп, Қазақстан құрамасы 16 алтын, 7 күміс, 20 қола, яғни барлығы 43 медаль жеңіп алды.

Командалық рейтингте екінші орынға 3 алтын, 7 күміс, 2 қола медальмен Қытай құрамасы шықты. Ал үздік үштікті Өзбекстан құрамасы 2 алтын, 5 күміс, 8 қола жүлдемен түйіндеді.

Жекелей аталымда турнирдің үздік боксшысы атағын ерлер арасында Сәкен Бибосынов жеңіп алса, әйелдер арасында қытайлық Янг Венлу үздік танылды. Сондай-ақ, үздік рефери атағы қырғызстандық Әбдімәлік Айтиевке берілді. Үздік төреші номинациясы өзбекстандық маман Әлішер Палвановқа тапсырылды.

Қазақстан бокс федерациясы жеңімпаздарға 700, 500 және 200 доллар көлемінде сыйақы берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама