Ол компания директорынан 5 млн теңге пара алған
Нұр-Сұлтанда Антикор қызметкерлері стадионды апатты деп тану үшін пара алған шенеунікке қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі.
Антикоррупциялық қызмет Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионды апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады. Тергеу жалғасып жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Соңғы шешімді сот қабылдайды. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.