Halyq Uni логотип
×

Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Ол жаза мерзімінің үштен екісін өтеді

 Халық үні 05.07.2022 | 09:30
Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын босатуды сұрады
фото: Бақытбек Есентаев, Баян Мақсатқызы

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын босатуды сұрады. Бұл туралы Алматы облыстық сотынан хабарланды. Бақытбек Есентаевтың өтінішін Қапшағай (қазіргі Қонаев – ред.) қалалық соты қарайды. Тыңдау күні 11 шілдеге белгіленген.

Еске салайық, Бақытбек Есентаев 2016 жылы сотталып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Биыл маусым айында Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға өтініш беру мерзімі келді. Ол жасаған қылмысы үшін жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш беруге мүмкіндігіне ие. Ал жазаның үштен екісі іс жүзінде биыл 10 маусымда өтелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама