Наразылық күшейді: АҚШ полицейлері қара нәсілді күдіктіге 60-тан астам оқ атқан (ВИДЕО)
Уокердің соңынан қуған кезде полиция өкілдері жалпы 90-тан астам оқ атқан көрінеді
АҚШ-та қара нәсілді Джейланд Уокердің полиция қолынан қаза табуына байланысты наразылық күшейді.
Огайо штатында жұрт шеруге шықты. Қала көшелерін шулатқан азаматтар «Black Lives Matter» деп ұрандатып, афроамерикандықтың ісіне қатысты тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.
Белгілі болғандай, 25 жастағы Джейланд Уокер есімді жігіт полициядан қашпақ болған кезде қаза тапқан. Тәртіп сақшылары оны жол ережесін бұзғаны үшін ұстауға әрекет жасаған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Уокердің соңынан қуған кезде полиция өкілдері жалпы 90-тан астам оқ атқан көрінеді. Оның 60-ы Уокерге тиген.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар полицейлер қызметтен уақытша шеттетілді.