Күдікті – 22 жастағы Роберт Кримо
Қайғылы оқиға АҚШ-тың Чикаго қаласының іргесіндегі Хайленд-парк елді мекенінде тәуелсіздік күніне орай өткен шеру кезінде болған.
Белгісіз біреу шеруге қатысушыларға нысанның төбесінен оқ жаудырып, 6 кісіні мерт қылды. Ал 20-дан астам адам түрлі дәрежеде жарақат алған.
Тәртіп сақшылары қаскөйді іздестіріп жатыр. Қылмыс орнынан айғақ зат - винтовка табылды. Полиция қызметкерлері атыс болған жерге келді және оқиға болған ауданды қоршап тұр, - делінген Хайленд-парктің ресми сайтында.
30 мыңға жуық тұрғыны бар қаланың мэрі шеру тоқтатылғанын айтты және оған келген адамдардан қауіпсіз жерге бас сауғалауын сұрады.
Полиция болжамды мергеннің жеке басын анықтады. Күдікті – 22 жастағы Роберт Кримо. Ер адам қарулы. Бұған дейін куәгерлер күдіктіні 18-20 жас аралығындағы ақ адам деп сипаттаған.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнына өте көп полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі аттанғанын көрсететін фотолар жарияланып жатыр.