Halyq Uni логотип
×

Американдық ғалым COVID-19 вирусы АҚШ-тың биозертханаларында пайда болғанын мәлімдеді

Бұл биотехнологияның қателігі, табиғи індет емес

 Қанат Атаманов 04.07.2022 | 22:30
Американдық ғалым COVID-19 вирусы АҚШ-тың биозертханаларында пайда болғанын мәлімдеді
Фото: ашық дереккөздерден

Коронавирус үнемі өзгеріп отырады. Оның үстіне, ол әлі соңына дейін зерттелген жоқ. Індеттің қалай пайда болғанына қатысты көптеген сұрақтар бар. Осы орайда АҚШ-тың әртүрлі елдерде ашқан биозертханалары еске түседі.

Беделді американдық ғалым Джеффри Сакс қоғамды бұл зертханалардың жұмысына мұқият қарауға шақырды. Колумбия университетінің профессоры Испанияда өткен конференцияда COVID-19 бастапқы штаммы резервуардан емес, АҚШ биотехнологиялық зертханасынан кездейсоқ жағдайда пайда болғанын айтты.

Мен екі жылдан бері The Lancet медициналық журналы үшін COVID-19 комиссиясын басқарамын. Вирусты ұзақ уақыт зерттегеннен кейін мен оның табиғи жолмен емес, америкалық биозертханаларда жасалғанына сенімдімін. Менің ойымша, бұл биотехнологияның қателігі, табиғи індет емес. Біз мұны нақты білмейміз, бірақ оны жасау үшін жеткілікті дәлелдер бар. Бірақ бұл жәйт АҚШ-та да, басқа елдерде де тексерілмей отыр, - дейді Джефри Сакс.

Ғалым атап өткендей, вирустың омыртқалы ақуызындағы сегіз аминқышқылдарының тізбегі адам жасушаларында кездесетін аминқышқылдарының тізбегіне ұқсас. Бірақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейюс коронавирустың Ухань зертханасында құрылуы мүмкін екенін мойындау арқылы, Сакстың жүргізген зерттеулерін мойындамай қойған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама