Halyq Uni логотип
×

Байден Украинаның Бас прокурорын қалай қызметінен кетіргенін айтып мақтанды (ВИДЕО)

Ол сол кездегі президент Петр Порошенконы елдің Бас прокуроры Виктор Шокинді жұмыстан шығармаған жағдайда 1 миллиард долларлық несиелік кепілдіктен айырылатынын ескерткен

 Қанат Атаманов 04.07.2022 | 21:30
Байден Украинаның Бас прокурорын қалай қызметінен кетіргенін айтып мақтанды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөздерден

АҚШ президенті Джо Байден Украина билігіне қысым көрсетіп, елдің Бас прокурорын қызметтен кетуіне себепкер болған. Ғаламторда Джо Байденнің The Atlantic басылымына берген сұхбатында осы жайт туралы айтып, мақтанған сәті тарауда.

2016 жылдың басында Джо Байден АҚШ вице-президенті ретінде Украинаның ішкі ісіне араласқан. Ол сол кездегі президент Петр Порошенконы елдің Бас прокуроры Виктор Шокинді жұмыстан шығармаған жағдайда 1 миллиард долларлық несиелік кепілдіктен айырылатынын ескерткен.

Мен Киевке 12-13 рет іссапармен барған болатынмын. Сол кезде Украинаға кезекті транш берілгелі жатқанын хабарлауым керек еді. Сөйтіп, мен Петр Порошенкодан Бас прокурорды жұмыстан қуу керектігін айтып, келісімін алдым. Бірақ ол сөзінде тұрмады. Бұдан кейін Украинаның транш алмайтынын айтқанымда олар менің АҚШ президенті емес екенімді айтты. Өз кезегімде мен оларға Барак Обамаға қоңырау шалыңыздар. Егер Бас прокурор жұмыстан шығарылмаса, мен 6 сағаттан кейін еліме ораламын. Ал сіздер 1 млрд. доллар транш алмайсыздар дедім. Ақыры олар Бас прокурорды қызметінен кетіріп, орнына сенімді адамды қойды, - деп мақтанды Джо Байден.

Кейін белгілі болғандай, Виктор Шокин сол кезде Украинадағы ірі газ өндіруші компанияларының бірі – Burisma компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Хантер Байденнің қатысы бар сыбайлас жемқорлық ісін тергеген. Джо Байден компанияны және ұлын қорғау үшін Бас прокурорды жұмыстан шығарғысы келді деген пікірлер айтылуда. Ақыры Виктор Шокин жұмыстан босатылған.

Айта кетсек, бұл оқиға алғаш рет 2019 жылдың көктемінде таралған болатын. Бірақ уақыт өте келе жаңа мәліметтер мен мәлімдемелер пайда бола бастады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама