×

Қытайдың Аньхой провинциясында 1,7 млн адам карантинге жабылды

4 шілдеде провинцияда инфекцияны жұқтырудың 287 жаңа жағдайы тіркелген

 Қанат Атаманов 04.07.2022 | 21:00
Фото: ашық дереккөздерден

Жергілікті биліктің айтуынша, провинцияның екі ауданы – Сиксян мен Лингбиде карантин жарияланған. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, карантиндегі 1,7 миллионнан астам тұрғын сынақтан сәтті өткен жағдайда ғана үйлерінен шыға алады.

CCTV мемлекеттік телекомпаниясы эфирде өткен демалыс күндері Сиксянадағы бос көшелері мен жаппай тестілеудің алтыншы раундына кезекке тұрған адамдарды көрсеткен еді. 

Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәліметінше, 4 шілдеде провинцияда инфекцияны жұқтырудың 287 жаңа жағдайы тіркелген. Осы орайда, провинцияның губернаторы Ван Цинсян жергілікті билікті әр минутты тиімді пайдаланып, жылдам скрининг шараларын жүргізуге шақырды.

Айта кетсек, Қытайдың шығысындағы қала қарсаңында коронавирустық кластерлердің пайда болуына байланысты індетпен күресу шаралары күшейтілген болатын.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама