×

Мысырда акулалар адамдарға шабуылдап жатса да туристер теңізге шомылып жүр

Бұл жаңалықтар әлемді шарлағанымен, бұл жаңалық туристерге жете қоймаған сыңайлы

 Қанат Атаманов 04.07.2022 | 20:00
Фото: ашық дереккөздерден

Курорттық Хургада қаласында акулалардың адамдарға шабуыл жасау фактілері жиіледі. Дегенмен, демалушылар суға түсуден тайынар емес.

Өткен аптада Хургаданың оңтүстігінде орналасқан Tropitel Sahl Hasheesh қонақ үйінің жағажайында 68 жастағы Австрия азаматшасының аяғы мен қолын акула жеп қойса, екі күн бұрын Румыния азаматшасы қаза тапқан болатын. Оның акула тістерінің ізі бар жансыз денесі тек екі күн өткеннен кейін Premiere Le Reve қонақ үйі маңындағы жағалаудан табылды.

Бұл жаңалықтар әлемді шарлағанымен, бұл жаңалық туристерге жете қоймаған сыңайлы.

Жергілікті билік Сахль Хашиш ауданынан Макади Бей бухтасына дейін суға түсуге, су астына сүңгуге үш күнге тыйым салды. Мамандар акулалардың әрекетін зерттеп, алдын-алу шараларын ойластырмақ.

Айта кетсек, Мысырда акулалардың жағажайға келіп, адамдарға шабуыл жасауы жиі бола бермейді. Бірақ, өткен айда теңізде Құрбан Айт мерекесіне қой апара жатқан кеме суға батып кеткен-ді. Мыңдаған қойдың өлексесі жағажайға шығып қалып, салдарынан акула секілді жыртқыштар адамдар жүрген жерге келулері мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама