Келесі жепке-жектен кейін не істейтінімізді ойлаймыз дейді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек алдында карьеарсын аяқтауға қатысты ойын айтты деп хабарлады Fightnews.info.
Ары қарайғы әрекетімізді нәтижеге байланысты жоспарлаймыз. Келесі жепке-жектен кейін не істейтінімізді ойлаймыз. Зейнетке шығу – өте қиын мәселе. Әр күн жаңа дүние алып келуі мүмкін. Келесі айқастан кейін қаржылық жағынан қандай мүмкіндіктер ашылатынын және қаншалықты қызық айқастар бары белгілі болады. Мен уақыты келгенде шешім қабылдаймын, - дейді ол.
Айтуынша, әзірге болжам жасау қиын. Өзіне ұнайтындықтан, бокспен шұғылдана бермек ниетте.
«Зейнетке кету әдетте бір ғана себепке байланысты болмайды. Бұған бірқатар себеп итермелейді. Ал әзірге мен додадамын», - дейді Головкин.