×

Алматыда тағы бір теміржол вокзалы салынады

Қаланың 2025 жылға дейінгі даму жоспары талқыланды

 Динара Амантай 04.07.2022 | 15:57
Фото: inform.kz

Алматы қаласының шеткі аймағында Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау барысында мәлімдеді.

Қала мен қала маңындағы көлік байланысын жақсарту үшін біз қосымша қала маңынан қаладағы көлік хабтарына дейін 30 маршрут, Алматы-2 станциясынан Қонаев қаласына дейін электр пойызын іске қосамыз, Алматы-3 темір жол вокзалының құрылысын бастаймыз, – деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол 2025 жылға дейін Құлжа тасжолы мен Боралдай-Шамалған трассасын, 2030 жылға дейін Талғар трактісі мен жоғарғы Қаскелең жолы кеңейтілетінін айтты.

«Қала мен Алматы облысы арасында күнделікті қоғамдық көлікте жол жүру 2025 жылға қарай қазіргі 400 мыңнан 500 мыңға дейін және 2030 жылға қарай 600 мыңға дейін ұлғаюы тиіс. Алматы агломерациясында қоғамдық көлікті дамыту жөніндегі бірлескен жобалық кеңсе құрылатын болады», – қала басшысы

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Аталарының атына көше сұрайды»: Астанада көше атауына кімдердің есімі беріліп жатыр

Басқарма басшысы көше атауына лобби жасайтындар бар екенін айтты
31.03.2023 | 16:40

Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолдары ұсынылды

Қаланың бас полицейі тұрғындар алдында есеп берді
31.03.2023 | 16:35

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
31.03.2023 | 16:25

Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

Еңбек инспекторлары 241 кәсіпорынның қарызын анықтаған
31.03.2023 | 16:06