×

Коронавирусқа қарсы вакцина аурудан қорғамайды – фейк

Мамандар халықты тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады

 Дәурен Ерболат 04.07.2022 | 15:40
Фото: admnvrsk.ru

Интернетте вакцинаның адамдарды аурудан қорғамайтыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады stopfake.kz.

Әлеуметтік желіде BMJ ғылыми журналының редакторы Питер Доши COVID-19-ға қарсы вакциналар науқастарды вирустан қорғамайды, екпелерді алған адамдар ауруханаға жатуға мәжбүр болады деген жазба жариялады. Бұл зерттеу оның жақында шыққан еңбегінде жазылған.

Питер Доши – ғылыми мақаланы жариялаған бірнеше автордың бірі. Онда мРНҚ платформасында жасалған вакциналарға жағымсыз реакциялар туралы жазылған. Ғылыми мақалада вакцина салдырған адамдар ауруханаға жатуға мәжбүр болатыны туралы айтылмаған.

Сондай-ақ бұл зерттеу рецензияланбаған, яғни есептеу және талдау әдістері ғылыми қауымдастықпен бағаланбаған және мақұлданбаған. Сондықтан ғылыми мақалаға толық сенуге болмайды.

Сонымен қатар вакцинаның пайдасынан гөрі зияны көбірек (екпе алғаннан соң асқынудың пайда болу қаупі туралы) деген болжамға да негіз жоқ. Себебі, вакциналарға болатын жағымсыз реакциялардың басым бөлігі жеңіл және қысқа уақытта басылатынын дәлелдейтін зерттеулер бар.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама