×

Лисаков қаласында отшашуға 5,4 млн теңге жұмсалмақ

Отшашу қала күніне орай ұйымдастырылмақ

 Ая Өміртай 04.07.2022 | 15:32
Сурет: ашық дереккөзден

Қостанай облысының Лисаков қаласында қала күнін мерекелеуге орай отшашуды ұйымдастыруға 5,4 млн теңге жұмсалады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қала билігі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы өнім берушіні іздеуге бірнеше рет өтініш білдірген. Енді «бір көзден» сатып алу әдісі арқылы«Петропавл-Салют» ЖШС жеңімпаз ретінде таңдалған.

13 тамызда Лисаков қаласының орталық алаңында отшашу басталады.

Айта кетелік, бұған дейін Лисаковта әкімдіктің бөлім басшысы қыз зорлады деген күдікке ілінген еді.

Құқыққорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Лисаков қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысын айыптап, аталған істі Президенттің бақылауға алуын сұраған.

Лисаков қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Нарына Кимнің айтуынша күдікті өз өтінішімен жұмыстан босатылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама