×

Әскери гарнизондарда 825 млн теңге мүліктің ұрланғаны анықталды

8 қылмыстық іс қозғалды

 Дастан Жұмабекұлы 04.07.2022 | 15:21
Көрнекі фото

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында әскери мүліктердің ұрланғаны анықталды.

Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, гарнизондарда шамамен 825 млн теңгедей соманың заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдары ұрланған. Осыған байланысты сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды.

Әскери прокуратура Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерін әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеріп жатыр. Онымен Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары айналысуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама