Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктен қанша адам қаза тапты?
Ереуілден 243 адам зардап шеккен
Өзбекстанның бас прокуратурасы Нүкіс қаласында болған тәртіпсіздік салдарынан 20-ға жуық адам қаза тапқанын хабарлады.
Nuz.uz мәліметінше, Қарақалпақстанның астанасында болған тәртіпсіздіктен 18 адам көз жұмып, 243 адам зардап шеккен. Оның 38-і құқық қорғау органдарының қызметкері. 94 адам ауруханада жатыр. 516 тұрғын қамауға алынған.
Өзбекстанның құқық қорғау органдары Нүкісте болған жағдайға қатысты тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.
Айта кетейік, биыл 1 шілдеде Қарақалпақстанда ел Конституциясына жоспарланған түзетулерге байланысты тәптіпсіздіктер басталған еді.