×

Қарақалпақстандағы жаппай наразылық: Тоқаев Мирзияевпен сөйлесті

Екі президент күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады

 Дастан Жұмабекұлы 04.07.2022 | 13:40
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев телефонмен сөйлесіп, екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан президенті Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақытылы қабылданғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзияевтің Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды сәтті өткізуіне тілектестік білдіріп, бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға арналған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.  

Сонымен қатар екі ел басшылары Қырғызстанда өтетін Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің алдағы консультативтік кездесуінің күн тәртібін талқылады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама