×

Мирзияев те референдум өткізіп, «Жаңа Өзбекстан» құрмақ

Конституциялық заң жобасы жалпыхалықтық талқылаудан өтіп, кейін одан әрі жетілдіру үшін заң шығарушы органға өтеді

 Еркеғали Болатұлы 04.07.2022 | 13:35
фото: ашық дереккөз

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев тәртіпсіздіктер орын алған Нүкіс қаласына барып, Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңес депутаттарымен кездесті.

Парламент депутаттары мен халық алдында сөз сөйлеген ол конституциялық заң жобасы жалпыхалықтық талқылаудан өтіп, кейін одан әрі жетілдіру үшін заң шығарушы органға өтетінін мәлімдеді. Тек осыдан кейін ғана жоба республикалық референдумға шығарылып, оған халықтың еркін дауыс беретінін жеткізді.

Конституциялық реформаның басты мақсаты – бірлік пен бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтау. Біз бірге міндетті түрде Жаңа Өзбекстан мен Жаңа Қарақалпақстанды құрамыз. Осы бағыттағы барлық реформалар мен талқылаулар тек демократиялық жолмен іске асуы керек, – деді Өзбекстан президенті.

Сондай-ақ ол Қарақалпақстан Республикасының құқықтық мәртебесі өзгеріссіз қалуы керек деп санайтынын айтты.

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің жыл басында Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін арандатудың келесі нүктесі Өзбекстан болуы мүмкін деп болжағаны дәл келгенін айтқан еді. Енді «Жаңа Қазақстаннан» кейінгі кезек те «Жаңа Өзбекстанға» келгені қызық болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама