×

«Терісқақпай» театрының тағы бір актері қайтыс болды

Отаралы Көлжан – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері

 Еркеғали Болатұлы 04.07.2022 | 13:11
фото: ашық дереккөз

Осыдан екі жыл бұрын әлемді жаулаған індеттен «Терісқақпай» комедия театрының актері Дархан Дайырбек өмірден өткен болатын. Енді осы аптада сол театрдың тағы бір актері Отаралы Көлжан да жарық дүниемен қош айтысты.

Бұл туралы сатирик Асқар Наймантаев өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.

Бүгін мен досымнан айырылдым. Енді Отаралы Көлжан жоқ, – деп қайғырды Асқар Наймантаев.

Еске сала кетсек, Отаралы Көлжан Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Көп жылдар бойы өнер академиясында ұстаздық еткен. Театр сахнасында өнер көрсеткен. Сондай-ақ кинофильмдер мен сериалдарға түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама