Halyq Uni логотип
×

Лукашенко Өзбекстанға қатысты өз болжамының дәл келгенін айтты

Бұл тартыс таяу уақытта Орталық Азияда болады

 Еркеғали Болатұлы 04.07.2022 | 12:11
Лукашенко Өзбекстанға қатысты өз болжамының дәл келгенін айтты
фото: First News Media

Беларусь Президенті Александр Лукашенко тәуелсіздік күніне орай Минскіде өткен салтанатты жиында таяуда Орталық Азияда бір жағынан АҚШ пен Еуроодақ, екінші жағынан Қытайдың үстемдік үшін күресі басталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Жыл басында ол Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін арандатудың келесі нүктесі Өзбекстан болуы мүмкін деп болжаған еді.

Өзбектерге көптеген дерек келтірдік. Саммиттердің бірінде айтқанымда, олар тіпті ренжіген еді. Кеше не болды? Қарақалпақ Республикасы Өзбекстанның жартысына жуығы Конституцияда бір нәрсе дұрыс көрсетілмей, көтеріліп кетті. Енді бүгін ол мәселеге шетелдіктер қол сұқты дей бастады, – деді Беларусь президенті.

Бұл тұрғыда ол Орталық Азия өздері сияқты екі оттың арасында қалды деп есептейді.

«Бір жағынан еуропалықтар мен америкалықтар, ал екінші жағынан Орталық Азияның аман қалуына қатты көмектесіп жатқан Қытай бар. Бұл тартыс таяу уақытта Орталық Азияда болады. Мұның белгілері қазірден байқалады», – деді Александр Лукашенко.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама