×

Тоқаевтың тапсырмасымен қазақ-қытай шекарасында тексеру жүріп жатыр

Тексеру тек уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар импорттаушыларға қатысты

 Ербол Тұрымбет 21.01.2022 | 09:39
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы министрлігі өкілдерінен арнайы құрылған жұмыс тобы қазақстан-қытай шекарасында тексеруді бастады.

Шекарада жүргізіліп жатқан тексерулер тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді және адал бизнес сыртқы экономикалық қызметті шектеусіз жүзеге асырады. Тексеру тек уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар импорттаушыларға қатысты жүзеге асырылады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша нарықта ҚХР-мен импорттық операцияларды жүзеге асыратын 7241 сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істейді, оның ішінде 17 субъекті уәкілетті экономикалық оператор, оларға импорттың барлық көлемінің 18% тиесілі. Бұл ретте 5 УЭО – өз мұқтаждығы үшін өнімдерді импорттайтын өндірістік сектор және 2 УЭО квазимемлекеттік сектор («Қазпочта» АҚ және «ҚТЖ» АҚ еншілес ұйымы – «KTZ Express» АҚ). 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама