×

Мораторий аяқталды. Электр энергиясы мен газ қымбаттады

Мемлекет басшысының 5-қаңтардағы тапсырмасымен тарифтерді былтырғы желтоқсандағы деңгейінде ұстап тұру туралы жартыжылдық мораторийдің уақыты бітті

 Ербол Тұрымбет 04.07.2022 | 11:43
Коллаж: Halyq Uni

Табиғи монополияларды реттеу комитеті берген ресми жауапта мораторийдің арқасында халық 3,2 млрд теңгеден астам қаражатын үнемдей алғаны айтылған. Оның ішінде: жылумен жабдықтау саласында – 1,44 млрд теңге, электрмен жабдықтау саласында – 0,84 млрд теңге, сумен жабдықтау саласында – 0,37 млрд теңге, су бұру саласында – 0,22 млрд теңге, газбен жабдықтау саласында – 0,32 млрд теңге қалтасында қалған.

Енді шілдеден бастап Энергетика министрінің бұйрығымен энергия өндіруші кәсіпорындарда жаңа тариф қойылды. Электр энергиясын өндіретін барлығы 47 кәсіпорынның 21-і өз бағасын бұрынғыша сақтап қалған. Қалған 26-сы министрліктің алдында көтерме бағаны өсіру керектігін айтып, дәлелдеп шығыпты. Өйткені, өндіріске қажетті көмір, газ, мұнай өнімдері, су дегендер қымбаттаған. Нәтижесінде сол 26 кәсіпорын бастапқы бағаны 10-12%-ға қымбаттатты. Сонда барлығы 47 кәсіпорын үшін орташа баға шамамен 5 жарым пайызға өсіп тұр. Бірақ бұл тек өндірушілдердің қойған бастапқы көтерме бағасы.

Жалпы, жаңа тариф қалай өзгергенін соңғы тұтынушы, яғни тұрғындар қыркүйектің түбіртегінен көре алады екен. Өйткені, өндірушілердің қойған бағасына тағы тасымалдаушылар мен жабдықтау қызметін атқаратындардың үстеме ақысы бар. Оның бәрін Ұлттық экономика министрлігі сол кезде есептеп бітуі тиіс.

Газ бойынша тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары жыл сайын шілдеде өңірлерді газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке-жеке белгіленеді. 

Газға қатысты шекті көтерме бағаларды айқындайтын ресми қағидалары бар. Ол қағидалар көтерме сауда бағаларын жыл сайын 15%-дан аспайтын мөлшерде арттыруға мүмкіндік беріп қойған. Яғни, министрлік өздеріне бағаны көтеруге заң арқылы мүмкіндік жасап алған. Сол арқылы Энергетика министрлігі мамырда ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасын 8%-ға орташа өсіммен бекітті. 

Осылайша, 30-маусымда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ шілдеден бастап тауарлық газдың бөлшек саудадағы құнын республика бойынша орташа есеппен бір текше метр үшін 1 теңге шегінде өсірді. Оған Табиғи монополияларды реттеу комитеті келісім берген.

Айта кетірлігі, осы айдан бастап Энергетика министрінің бұйрығымен 2023 жылға дейін сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы тоннасына 33 600 теңге деңгейінде бекітілді. Ол литріне 19,7 теңге болады. Жыл басынан бері көтерме сауда бағасы – тоннасына 28 000 теңгеден (16 тг/л) болып келген еді. 

Министрліктің хабарлауынша, сұйытылған газға көтерме сауда бағаларын 20%-ға арттыру (3,7 тг/л) зауыттардың сұйытылған газ өндірісін қолдау үшін жасалған. Соның арқасында өндірушілер мен өткізушілер арасында кірістерді өзара әділ бөлінеді әрі зауыттарды сұйытылған газ өндіруге ынталандырады. Өйткені, бүгінге дейін көтерме сауда бағасы тоннасына 28 000 теңге болып тұрғанда, пайданың негізгі үлесін бөлшек саудададағы нарық субъектілері алып келіпті. Ал негізгі өндірушілер шығынға жұмыс істеп отырған.

Қазір Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеу мерзімдерін ұзарту бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Соған сәйкес, соңғы тұтынушылар үшін сұйылтылған мұнай газының бөлшек сауда бағалары көтерілмейді, бұрынғы деңгейде қалады, делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Павлодар қаласының әкімі өзінен 10 мың теңге сұраған студентке жауап берді

Әкім студентке 10 мың теңге беруге уәде етті
25.09.2022 | 08:55

«Бейнекамераға түсірмеуді өтінді»: Атырауға бір топ ресейлік келді

Пойыздан түскендердің ішінде астрахандық қазақтар да бар: 
25.09.2022 | 07:40

Алматылық әйелдің шотынан 5 мың доллар шешіп алған екі жігіт видеоға түсіп қалған

Банк қызметкерлері әйелге хабарласып, шотынан 5 мың доллардан астам қаражат шешілгенін айтқан
25.09.2022 | 06:30

Синоптиктер келесі аптада елордада қар түсетінін хабарлады

29 және 30 қыркүйекте күндіз 8 градусқа дейін жылынады, түнде алғашқы аяз түседі
25.09.2022 | 00:33