×

Елімізде құрбандық шалу үшін арнайы сайт іске қосылды

9 шілдеде Құрбан айт мерекесі тойланады

 Дәурен Ерболат 04.07.2022 | 11:28
Фото: РИА Новости

Қазақстанда онлайн құрбандық шалуға мүмкіндік беретін арнайы сайт іске қосылды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы qurban2022.kz сайты іске қосылғанын мәлімдеді.

Онлайн құрбан шалам деп ниет танытқан қазақстандықтар сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажет қаражатты аудара алады.

Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын 1 немесе 7 адам бірігіп шала алады. Кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті.

Құрбандық шалынған соң, фото және бейнеесеп тапсырыс берушінің WhatsApp нөміріне жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама