Данияда жас жігіт бірнеше адамды атып тастады
Атыс кезінде сауда орталығында 100-ден астам адам болған
Данияның астанасы Копенгаген қаласындағы Fields сауда орталығында ер адам бірнеше адамды атып тастап тастады.
Атыстан жарақат алғандар да бар. Бұл туралы Euronews агенттігіне Копенгаген полициясы жедел бөлімінің басшысы Сёрен Томассен хабарлады.
Ол атыстан зардап шеккендердің нақты саны әлі нақтыланып жатқанын айтты.
Ауруханаларға жарақат алғандар жеткізіліп жатыр. Атыс кезінде сауда орталығында 100-ден астам адам болған. Қазір күдікті ұсталды. Оның халыққа не себепті оқ жаудырғаны анықталады. Бұл теракт те болуы мүмкін. Осы оқиғаға байланысты «Тур де Франс» веложарысының алғашқы үш кезеңінің аяқталуына арналған мерекелік іс-шара тоқтатылды. Оған Данияның тақ мұрагері мен Премьер-министрі қатысуы керек еді, - деді ол.
Күдікті 22 жастағы Дания азаматы болып шықты.