×

86 жастағы америкалық стюардесса Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ол авиация саласында 65 жыл еңбек еткен

 Дәурен Ерболат 04.07.2022 | 10:03
Скрин: Youtube

АҚШ тұрғыны Бетт Нэш әлемдегі ең кәрі стюардесса деп танылып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Vesti.az.

86 жастағы бостондық әйел кәсіби мансабын 1957 жылы Eastern Airlines әуе компаниясында бастаған. Бүгінде бұл компания жұмысын тоқтатқан. Қазір Бетт Нэш (Bette Nash) American Airlines-та еңбек етіп жүр.

Оның айтуынша, ол уақытының көп бөлігін Нью-Йорк – Бостон – Вашингтон рейсінде өткізген. Себебі бұл рейстің уақыты оған қолайлы. Ол жұмыстан түнде шығып, үйдегі мүгедек баласын қарайды екен.

Гиннестің рекордтар кітабының мәліметінше, бүгінде Бетт Нэш әлемдегі ең кәрі, әрі жұмыс істеп жүрген стюардесса болып саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама