Тиісті өкім Ақордада жарияланды
Президенттің өкімімен Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Бұған қоса Президенттің өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - делінген құжатта.
Сондай-ақ бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін Қорғаныс вице-министрі қызметінен кеткен болатын.