Мысырда туристке акула шабуылдаған сәт видеоға түсіп қалған
Акула туристің қолы мен аяғын тістеп алған
Мысырдың Хургада курортында австриялық туристке акула шаубыл жасап, салдарынан ол көз жұмды, деп хабарлайды baq.kz.
Оқиға Сахль Хашиш қонақ үйі орналасқан жерде болған. Куәгерлер ұзындығы 3 метр акуланы байқаған соң судағыларға дереу ескертуге тырысқанмен жыртқыш балық бір әйелге шап беріп үлгерген.
Сахл Хашиш аймағында акула оның қолы мен аяғын тістеп алды, – дейді ведомство өкілдері.
Бұл оқиғадан кейін жергілікті билік үш күнге Сахл-Хашиш ауданынан Макади-Бэй айлағына дейінгі аралықта шомылуға, дайвингке, снорклингке және балық аулаға тыйым салған.