×

«Өзбекстанды басып алу...»: Нөкіс тұрғындары қарақалпақтардың митингке не үшін шыққанын айтты

Билік Конституциядан кез келген уақытта Өзбекстаннан бөлініп шығуға мүмкіндік беретін «егемендік» сөзін алып тастағысы келген

 Халық үні 04.07.2022 | 00:26
фото: Азаттық

Нөкіс тұрғындары қазір қала көшелерінде тыныштық орнағанымен, әр жерде әскерилер тұрғанын хабарлады.

Аты-жөнін атамауды сұраған Нөкіс тұрғындарының бірі бүгін Қарақалпақстан астанасында не болып жатқанын айтып берді.

«Қазір далаға шығу қауіпсіз, халық тарап кетті, митинг жоқ. Бірақ бәрібір әскерилер мен сарбаздар орталық көшелерге өтуге рұқсат бермейді, олар бүкіл жолды жауып тастады. Маған Ресейден таныстарым хабарласып, мұның бәрін, мына митингті біреулер басып алу үшін жасап жатыр дейді. Жоқ, бұл олай емес! Қазір бізге жан-жақтан қысым бар», – дейді тұрғын. 

Оның айтуынша, олар Конституциядан кез келген уақытта Өзбекстаннан бөлініп шығуға мүмкіндік беретін «егемендік» сөзін алып тастағысы келген. Ер адам көшеге тек Қарақалпақстанның егемендігін сақтау үшін шыққанын және наразылық үкіметті құлату немесе Өзбекстанды басып алу үшін болды деген айыптаулардың мүлдем шындыққа жанаспайтынын түсіндірді.

Бір күн бұрын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев республика аумағында 3 шілде мен 2 тамыз аралығында төтенше жағдай жариялады. Төтенше жағдай кезінде барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады, сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Қазіргі уақытта Республика аумағына кіру және шығу шектелген.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматылық әйелдің шотынан 5 мың доллар шешіп алған екі жігіт видеоға түсіп қалған

Банк қызметкерлері әйелге хабарласып, шотынан 5 мың доллардан астам қаражат шешілгенін айтқан
25.09.2022 | 06:30

Синоптиктер келесі аптада елордада қар түсетінін хабарлады

29 және 30 қыркүйекте күндіз 8 градусқа дейін жылынады, түнде алғашқы аяз түседі
25.09.2022 | 00:33

Мобилизациядан жалтарған ресейліктер Қазақстанның қай өңірлеріне жаппай келіп жатқаны белгілі болды

Ең көп жиналу Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады
24.09.2022 | 23:45

Путин әскери қызметке қатысты Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізді

Бұл қылмыс үшін 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген
24.09.2022 | 22:34