×

Рамзан Қадыровтың әскері мешітті атқылады

Атыс салдарынан 20-дан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан

 Халық үні 03.07.2022 | 22:52

Қадыровшылар Украинаның Луганск облысына қарасты Северодонецк қаласындағы мұсылмандар мешітін жойған. Атыс барысында бейбіт халық қаза тапты.

Бұл туралы ислам қауымдастығының имамы, «Бісміллә» мәдени орталығының басшысы Тимур Беридзе мәлімдеді

«Қадыровтың тиктокерлері Рубежныйда болған кезде-ақ, Северодонецкіде мешіттің барлығын білген. Өздерін құдайдың құлы санайтын олар, Алланың үйіне тиіспеудің орнына таңертеңгілік мешіт жанынан су алуға жиналған халыққа оқ жаудырған. Мешітті қауіпсіз жерге балап тұрып жатқан еш кінәсіз 20-дан астам адам қаза тапты», - деді Беридзе.

Оның айтуынша, Кадыровшылар мешітті қиратып тастағаннан кейін украиндық әскерилерді ғимаратты қиратты деп айыптайтын үгіт-насихат журналистерін күту үшін бұл жерді қоршауға бел байлаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ішінде бірде-бір орыс жоқ»: Астрахань облысында қазақтарды соғысқа аттандырып жатыр

Видео авторының айтуынша, әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым бөлігі қазақтар  
24.09.2022 | 19:50

Талдықорғанда иттердің төбелесін ұйымдастырған ер адам жазаланды

22 жастағы қала тұрғыны төбелес видеосын әлеуметтік желіге жүктеген
24.09.2022 | 18:03