Рамзан Кадыровтың әскері мешітті атқылады
Атыс салдарынан 20-дан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан
Қадыровшылар Украинаның Луганск облысына қарасты Северодонецк қаласындағы мұсылмандар мешітін жойған. Атыс барысында бейбіт халық қаза тапты.
Бұл туралы ислам қауымдастығының имамы, «Бісміллә» мәдени орталығының басшысы Тимур Беридзе мәлімдеді.
Кадыровтың тиктокерлері Рубежныйда болған кезде-ақ, Северодонецкіде мешіттің барлығын білген. Өздерін құдайдың құлы санайтын олар, Алланың үйіне тиіспеудің орнына таңертеңгілік мешіт жанынан су алуға жиналған халыққа оқ жаудырған. Мешітті қауіпсіз жерге балап тұрып жатқан еш кінәсіз 20-дан астам адам қаза тапты, – деді Беридзе.
Оның айтуынша, Кадыровшылар мешітті қиратып тастағаннан кейін украиндық әскерилерді ғимаратты қиратты деп айыптайтын үгіт-насихат журналистерін күту үшін бұл жерді қоршауға бел байлаған.